Астаналық «Барыс» хоккей клубының ойыншысы Патрис Кормье бір матчқа дисквалификацияға ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ҚХЛ плей-офф кезеңінің ширек финалы аясындағы «Авангардқа» қарсы үшінші матчта ойын тәртібін өрескел бұзып, қарсылас ойыншысы Галимовтың жарақат алуына себеп болған.