Павлодарлық «Ертістің» қорғаушысы Каспарс Дубра Латвия құрамасына шақырту алды. Бұл туралы латвиялық футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Prosports.kz сайты хабарлады.

Осылайша, Дубра өз құрамасы сапында ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Македония және Польшаға қарсы ойнауы ықтимал.

Айта кетейік, бұл матчтар, тиісінше, 21 және 25 наурызда өтеді.