Атақты швейцариялық теннисші Роджер Федерер алдағы Дэвис кубогы аясында Қазақстан құрамасымен кездесу жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Tennisnet.
 
«Бар ойымыз алдағы матчта. Әрине, біз бұл кездесуде фаворитпіз, сондықтан қайтсе де жеңіске жетуіміз керек. Дегенмен, Дэвис Кубогын ұту үшін әлі көп еңбек етуіміз керек. Қазақстан құрамасымен ойыннан кейін, ұлттық құрамадағы мансабым жайлы нақтырақ айтам. Біздің ұлттық құрамамыз мықты болғанына қуаныштымын. Марко Чудинелли мен Михаэль Ламмер да жақсы өнер көрсетуде, олардың Сербияға қарсы жұптық бәсекедегі ойыны керемет болды», - деді Федерер.