2018/19 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алматыда қазақ футзалының мақтанышы «Қайраттан» бөлек, «Спортинг» (Португалия), «Интер» (Испания), «Барселона» (Испания) командалары өнер көрсетеді.

Аталған төрт команда да — Еуропа футзалының бетке ұстарлары. Кез келгені де топ жаруы мүмкін. Десе де, бұлардың арасында бір командаға ерекше назар аударуға тура келеді. Ол турнирдің қазіргі сәттегі чемпионы - «Интер». Алматыдағы бәсекенің басты фавориті саналатын командаға қарсы ойнайтын команда — «Спортинг» (Португалия).

Біз бүгін португалиялықтардың намысын қорғап жүрген «Спортинг» футзал клубы жайлы кеңінен әңгімелегелі отырмыз.

«Спортинг» (Лиссабон, Португалия)