Top Rank атты шетелде танымал промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум 26 жастағы украиндық спортшы Василий Ломаченко танымалдық жөнінен Головкиннен асып түсетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, украиндық боксшы 1-ші наурыз күні кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы чемпион, 33 жастағы мексикандық Орландо Салидоға қарсы өткізеді.

«Ломаченко қазірдің өзінде әлемдегі бес үздік боксшының қатарында, — деп бастады Арума. — Ол өте мықты, кәсіби рингке тамаша дайындықпен келді. Болашақта үлкен жұлдыз атанады деп кәміл сенемін. Головкин мен Проводников қазір өз салмақтарында үздік саналады, бірақ та кейін олар Ломаченконың көлеңкесінде қалады».