Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының элиталық кезеңінде Ресей қыздар құрамасы Швейцарияның жас футболшыларынан 2:4 есебімен жеңіліп қалды, деп жазады Prosports.kz.

Ойын барысында екі ойыншы арасында туындаған ерегестің соңғы қол жұмсаған төбелеске ұласты. Төреші тәртіпсіздікке жол берген екі футболшыны - швейцариялық Элла Люштина мен ресейлік Диана Паменді алаңнан қуды.