Наурыздың 1-2 күндері Астанада таэквондодан ITF бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.

Турнир кезінде қызыл және қара белбеулі таэквондошылар арасындағы ел мықтылары анықталады. Сондай-ақ, спортшылар ашық біріншілікте бақ сынайды. Жарыстың мақсаты – Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту және кеңінен тарату, спорт шеберлерінің деңгейін өсіру және оларды халықаралық турнирге дайындау. Бәсеке жеңімпаздары арасынан ұлттық құрамаға лайықты таэквондошылар іріктеледі. Чемпиондар 23-27 шілде аралығында Италияда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады.

Жарысқа Кореяның Қазақстандағы елшісі Пэк Чу Хэн, корей мәдениет орталығының басшысы Ви Мен-Чже, «Astana NS-Company» ЖШС директоры Сандуғаш Бекжігітов, QSI халықаралық мектебінің директоры Сандра Линн Шиллер Смит, Қазақстандағы корей ассоциациясының төрағасы Александр Ким қонақ ретінде қатысады.