Велошабандоз Алексей Луценко «Тиррено-Адриатико» жарысында төртінші кезеңді ұтты. Луценко Фолиньодан Фоссмобронеге дейінгі 221 шақырымды 5 сағат 16 минутта бағындырды. Мәреге соңғы 20 шақырым қалғанда біздің спортшы екі рет құлап қалғанына қарамастан, жеңімпаз атанды.