17 наурыз күні жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жекті «Хабар» телеарнасы 17 наурыз күні таңғы сағат 08:00-де көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев қарсыласы Патрисио Мореноны ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өткен болатын.