«Реал Мадрид» «Байердің» жартылай қорғаушысы Юлиан Брандты сатып алуға мүдделі. AS-тің мәліметіне сәйкес, Мадрид клубы 22 жастағы неміс үшін 25 миллион еуро ұсынуға дайын.
Брандтың «Байермен» келісім-шарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Ойыншыға «Бавария» мен дортмундтық «Боруссия» да қызығушылық танытуда.
Осы маусымда Брандт «Байер» сапында 34 ойында 7 гол соғып, 10 нәтижелі паспен көзге түсті.