Ресей Премьер лигасының 20-шы туры аясында өтетін «Рубин» - «Ростов» кездесуінің негізгі құрамы белгілі болды, деп жазады prosports.kz.

«Ростов» сапында өнер көрсететін қазақстандық футболшы Бактиер Зайнутдинов бірінші минуттан бастап алаңға шығады.

Айта кетейік, матч 19:30-да басталады.

«Рубин»: Бабурин, Гранат, Устинов, Цаллагов, Сорокин, Уремович, Могилевец, Подберёзкин, Коновалов, Бухаров, Полоз. «Ростов»: Песьяков, Паршивлюк, Логашов, Чернов, Сигурдссон, Мевля, Гацкан, Ионов, Ерёменко, Зайнутдинов, Сигурдарсон.