УЕФА төрешілер комитетінің төреғасы белгілі итальяндық рефери Пьер-Луиджи Коллина Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген қазақстандық төрешілерге семинар сабағын өткізді.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлайды. Коллинадан өзге, тәжірибесімен инструктор төрешілер Никола Стефанини мен Стефано Папи бөлісті. 

УЕФА-ның төрешілер тобын ҚФФ төрешілер департаменттің директоры Маттео Трефолони шақырған болатын.