Теннистен Ақтөбе қаласында өтіп жатқан ITF Kazakhstan F1 Futures турнирінде Евгений Королев пен Денис Евсеев келесі кезеңге өтті.

Королев өзбекстандық Санжар Файзиевтен 6:2, 6:4 есебімен басым түссе, Евсеев үш сетте ресейлік Карен Хачановтан айласын асырды. Жалпы есеп – 0:6, 6:3, 6:4.

Жекелей сайыс. Екінші айналым.

Виталий Качановский (Ресей) – Владимир Иванов (Эстония) 6:3, 7:5

Адриан Сикора (Словакия) – Антон Галкин (Ресей) 6:4, 6:3

Андрей Рублев (Ререй) – Дамир Дулдаев (Қырғызстан) 7:5, 6:4

Кайсар Бекимов (Қазақстан) – Марек Семьян (Словакия) 1:6, 0:6

Ярослав Шило (Беларусь) – Маттео Донати (Италия) 0:6, 1:6

Алексей Ватутин (Ресей) – Эдоардо Еремин (Италия) 3:6, 6:3, 1:0, жалғастырудан бас тартты

Жұптық разряд. 1/4 финалы

Марек Семьян/Адриан Сикора (Словакия) – Қуатбек Әбиев/Қайсар Бекимов (Қазақстан) 6:2, 6:1

Богдан Бобров/Алексей Ватутин (Россия) – Ярослав Шило/Андрей Василевский (Беларусь) 2:6, 6:3, 6:10

Маттео Донати/Эдоардо Еремин (Италия) – Денис Евсеев (Қазақстан)/Александр Метревели (Грузия) -:+ (кездесу жалғастырудан бас тартты)

Кирилл Дмитриев (Ресей)/Тимур Хабибуллин (Қазақстан) – Данияр Дулдаев (Қырғызстан)/Маркос Каловелонис (Греция) 6:4, 7:6 (7:4)