Қазақстандық Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден канадалық Калгариде өтіп жатқан халықаралық турнирде топ жарды.

Морозов 5000 метрге жүгіруден бақ сынаған. Ол 6.19.63 уақытын көрсетіп, бірінші орын алды. Дмитрийге Қазақстан рекордын жаңарту үшін 0.33 секунд қана жетпей қалған.

Бұл жарысқа қатысқан қазақстандық тағы бір спортшы Виталий Щиголев мәре сызығын төртінші болып кессе, Демьян Гаврилов 13-ші орын алды.

Айта кетейік, бұл турнирге 8 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр.