Америкалық Бен Аскрен (19-0-1) ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен (27-0) кездесуге қарсы емес екенін айтты, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бен Аскрен Хабиб Нурмагомедовпен ықтимал жекпе-жегі жайында: «Бұл тамаша болар еді, бауырым!», - деп жазды журналист Саймон Хэд.

UFC чемпионы Хабибтің соңғы жекпе-жегі былтыр қазанда Лас-Вегаста өткен болатын. Сол кездесуде ол ирландиялық Конор Макгрегорды жеңген еді.