«Тиррено-Адриатико» көпкүндігінің үшінші кезеңі аяқталды, деп xабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл кезеңде «Deceuninck-QuickStep» командасының италиялық шабандозы Элиа Вивиани бірінші орын алды. Екінші орынды «Bora-Hansgrohe» өкілі словак Петер Саган еншіледі. «UAE Team Emirates» намысын қорғайтын колумбиялық Фернандо Гавирия үздік үштікті түйіндеді.

«Астананың» шабандозы Давиде Баллерини кезеңді тоғызыншы орынмен аяқтады, Якоб Фульсанг — 34-ші, Алексей Луценко — 47-ші, Дарио Катальдо — 99-шы, Дмитрий Груздев — 111-ші, Омар Фраиле — 114-ші, Жандос Бижігітов — 136-шы.