«Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері Ел суперкубогына тегін барады, деп хабарлайды vaktobe.kz сайты.«Ақтөбенің» клуб басшылығы жанкүйерлерге «Манғышлық-Астана» поезына билет сатып алды. Жанкүйерлер тегін, барып тегін қайтады. Ауа-райына байланысты оларды автобуспен емес поезда апарғанды жөн көрдік», - дейді vaktobe.kz.

Бұған қоса, «Ақтөбенің» фанаттары «Шахтердің» жанкүйерлеріне «сыйлық» жасап «Астана Аренаға» «қызыл-ақ» түспен келетінін айтты. 

Естеріңізге сала кетсек, аталған кездесу 9-шы наурыз күні Астанада өтеді. Кіру тегін.