«Барыс» омбылық «Авангард» (Ресей) командасымен құрлықтық хоккей лигасы шығыс конференциясында плей-офф кезеңінің жартылай финалының алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Есепті алғаш «Авангард» командасы ашты. Ойынның 11-минутында Кирилл Петров соқты. Бұдан кейін Илья Михеев 17-минутта есепті үделетті.

Осылайша, ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» аталмыш қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді.

Екінші кезеңде қазақстандық клуб сапынан Андре Петеррсон есепті ашты.

Алайда, соңғы минуттарда «Авангард» ойыншысы Сергей Широков бос қалаған қақпаға шайба соқты. Осылайша, 1:3 есебімен «Барыс» командасы «Авангардтан» жеңілді.

Келесі ойын 16 наурызда Астана қаласында өтеді.

«Барыс» (Астана) – «Авангард» (Омск) 1:3 (0:2, 0:0, 1:0)

0:1 Петров (Фисенко) 12:150:2 Михеев (Тэйлор, Шумаков) 17:51 ГБ1:2 Петерссон (Михайлис, Блэкер) 44:251:3 Широков (Михеев) 58:56 ПВҚақпашылар: Карлссон – Бобков