Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады.Шавкат Рахмонов 30 наурыз күні Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.