Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Саулюс Ширмялис Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Исландия құрамасымен кездесуге шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Михаил Голубничий («Бәйтерек» Астана);Қорғаушылар: Бакдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Саят Сәриев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Атырау»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Григорий Сартаков («Ертіс» Павлодар), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Рафкат Аслан («Тобыл» Қостанай);Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат» Алматы), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Игорь Пикалкин («Астана»), Роман Мұртазаев («Шахтер» Қарағанды), Илья Калинин («Қайсар» Қызылорда), Виталий Ли («Астана»), Абылайхан Тотай («Жетісу» Талдықорған);Шабуылшылар: Абзал Бейсебеков («Астана»), Станислав Лунин («Шахтер» Қарағанды), Максим Фильчаков («Ордабасы» Шымкент) Тохтар Жанғылышбай («Шахтер» Қарағанды).Қосалқы тізімде мына ойыншылар:  Шерхан Бауыржан («Қайрат» Алматы), Дмитрий Шмидт («Восток» Өскемен), Қуаныш Бегалин («Ертіс» Павлодар).Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Исландия арасындағы кездесу 5-ші наурыз күні «Астана Аренада» өтеді. Басталу уақыты сағат 19:00-де. Кіру тегін.