Ирландиялық ережесіз жекпе-жек шебері Конор Макгрегор АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында тұтқындалды, деп хабарлайды prosports.kz.

Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, UFC ұйымының бұрынғы чемпионы бұзақылығы үшін ұсталған.

Макгрегор Майами-Бич ауданындағы Fountainebleu қонақүйі маңында өзімен суретке түскісі келген жанкүйердің смартфонын тартып алып, жерге ұрып, таптап сындырған. Осыған байланысты, Макгрегорге бұзақылық және ұрлық бабы бойынша айып тағылып отыр.