«Астана» футбол клубының қорғаушысы Абзал Бейсебеков «Коронаға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды команданың ресми сайты.

Бейсебеков польшалық клубта байқаудан өтуде. «Корона» ФК басшылығы Абзалды үш айға жалға алып, өзін көрсетуге мүмкіндік бермек.

21 жастағы футболшы өткен маусымда 29 матч өткізіп 3 нәтижелі паспен көзге түсті.