Белгілі голландиялық маман Луи ван Гал бапкерлік мансабын аяқтайтынын хабарлады.

«Осымен аяқтаймын. Әйелім шетелдегі жұмысымда менімен бірге болу үшін 22 жыл бұрын жұмыстан шықты. Оған зейнетке 55 жасымда кететінімді айтқанмын. Қазір 65-тен астым. Бұлай жалғастыра алмаймын.

Ойыншылар секілді, әйелімнің де Луи ван Галмен өмір сүруге құқығы бар. Ол өте бақытты деп айта аламын», - деді ван Гал.

67 жастағы ван Гал «Аякс», «Барселона», АЗ, «Бавария» және «Манчестер Юнайтед» клубтарын жаттықтырған. Сондай-ақ, екі рет Голландия құрамасының тізгінін ұстады.