«Астананың» италиялық шабандозы Давиде Виллелла өз құрамасы сапында «Индустрия және Артиджанато ди Ларчано Гран-приі» біркүндік жарысында бесінші орын алды.

Бұл жарысқа «Астана» өз құрамын жіберген жоқ. Бірақ оның бір шабандозы құрама сапында додаға қатысты. Виллелла жарыста жеңімпаз бола алмаса да, Италия құрамасындағы ең үздік нәтижені көрсетті.

Гран-при Индустрия и Артиджанато ди Ларчано. 199.2 км 1. Максимилиан Шахман (Германия, BORA - hansgrohe) - 4:40:01 2. Маттиа Каттанео (Италия, Androni Giocattoli - Sidermec) 3. Андреа Вендрам (Италия, Androni Giocattoli - Sidermec) +0:14 …5. Давиде Виллелла (Италия)