Болгариялық шабуылшы Анатас Курдов «Астана» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды transfermarkt сайты. Неміс сайтындағы мәліметке сүйенсек, 25-жастағы шабуылшының бағасы 500 мың еуроны құрайды.

Курдов мансабын леверкузендік «Байерде» бастаған болатын, кейін «Винтертур», «Ботев», «Локомотив» (Пловдив) және «Славия» (София) клубтарында өнер көрсетті.