Әлем кубогының көшбасшысы Йоханнес Бё Эстерсундта өтіп жатқан әлем чемпионатында 10 шақырымдық жүгіруден жарысты жеңіп алды.Ол тұрып атуда мүлт кетіп, бір айыппұл шеңберімен 24:37,6 секундты көрсетті.
Александр Логинов күміс медальді иеленді. Орыс биатлоншысы 10 нысананы дәл көздеп, 13,7 секундқа Бёға ұтылды.
Қола - француз Кентен Филлон-Майяда. Ол ату алаңында дәл болды және жеңімпазға 16,5 секундқа қалып қойды.