Шаңғы спортынан Қазақстан ерлер құрамасы Красноярскіде өтіп жатқан Универсиадада 4x7,5 шақырымдық эстафетада екінші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл жарыста жергілікті шаңғышылар алтын медаль алды. Ал үшінші орынға Финляндия шаңғышылары қол жеткізді.

Нәтижелері:

1. Ресей – 1:15:22.2

2. Қазақстан +1:26.6

3. Финляндия +1:46.9