Нижний Новгород қаласында Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңіндегі 1/8 финалында жергілікті «Торпедо» мен астаналық «Барыс» алтыншы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл қос команда арасындағы алтыншы кездесу болатын. Осыған дейінгі серия есебі елордалық клубтың пайдасына – 3:2 болатын. Егер бүгін сырт алаңда жеңіске жете алса «Барыс» Гагарин кубогының келесі кезеңіне өтер еді.

Алайда алаң иелері бұған мүмкіндік берген жоқ. 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға берілер жолдаманың тағдырын келесі ойынға қалдырды. Енді бар мәселе Астана қаласында шешіледі.

«Торпедо» (Нижний Новгород) - «Барыс» (Астана) – 3:1 (1:0, 2:1, 0:0)

1:0 Паршин 12:411:1 Акользин (Блэкер, Бойд) 28:172:1 Аляев (Паршин, Жафяров) 30:363:1 Галузин (Паршин, Хольм) 34:15

Қақпашылар: Браст – Карлссон