8 наурызда Нижний Новгородта Құрлықтық хоккей лигасының плэй-офф кезеңіндегі 1/8 финалында жергілікті «Торпедо» мен астаналық «Барыс» алтыншы матчын өткізеді.

Әзірше серия есебі – 3:2, елордалық команда алда келеді.

Серияның осыған дейінгі ойындарында түрлі камбэктер тіркеліп, шайба көп соғылатын. Егер бүгін «Барыс» жеңіске жетсе, плэй-оффтың ширек финалына жолдама алады.

«Торпедо» - «Барыс» матчы Астана уақытымен 19:45-те басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын мына сілтеме бойынша қарауға болады.