Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Жансая Әдіханова мен Әбіш Байтқанов Краснорскте өтіп жатқан Универсиада ойындарының жұптық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жас спортшылар еркін бағдарламадан кейін 55.64 ұпай жинап, 4 орынға табан тіреді.

Қысқа және еркін бағдарламадан кейінгі жалпы ұпай саны 83.28. Ал көш басында - ресейлік спортшылар.