Бүгін Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан әлем чемпионаты басталады. Швеция биатлоннан әлем чемпионатын бесінші рет қабылдап отыр. Бұл сынға қазақстандық спортшылар да қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы жарыс күнінде аралас эстафетадан жеңімпаздар анықталады.

Аралас эстафетада Қазақстан атынан төмендегі спортшылар жарыс жолына шығады: Елизавета Бельченко, Людмила Ахатова, Тимур Куц және Владислав Витенко.

Биатлоншылар додасы Астана уақытымен 21:15-те басталады.