Сәрсенбіде УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчтар да сенсациямен аяқталды.

«Порту» Италияда «Римнен» 1:2 есебімен ұтылғаннан кейін, өз алаңында оларға тек жеңіс қажет болған. Қарымта кездесудің негізгі уақыты да 2:1 есебімен аяқталып, матч овертаймға ауысты. Овертаймның соңына қарай португалиялық команда пенальтиден жеңіс голын соғып, матчты 3:1 есебімен аяқтады.

Пл нағыз сенсация Парижде болды. Жергілікті ПСЖ англиялық «Манчестер Юнайтедті» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңгеннен кейін, бұл жұптың тағдыры шешілгендей көрінген. Оның үстіне, ағылшындардың бірнеше ойыншысы түрлі себептермен қарымта ойынға қатыса алмады. Соған қарамастан, «Манчестер Юнайтед» париждіктерді сырт алаңда 3:1 есебімен ұтып, ширек финал жолдамасын жұлып әкетті. Ағылшындар жеңіс голын қосымша уақытта пенальтиден соққан.