Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова 24 наурызда Алматыда жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz «Фируза Шәріпованың бокс қорына» сілтеме жасап.

«Біқ ұйымдастырушыларға ресми ұсыныс жіберген болатынбыз. Алайда Suleimen Boxing Promotions менің жекпе-жегімді қаржыландыра алмайды.

Нұрсұлтан Әбішұлына WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін сыйлағым келген. Өкінішті, ағымдағы айда жекпе-жек өтпейтін болды. Сонда демеуші болар 150-200 мың доллар бере алатын кәсіпкер жоқ болғаныма?!

Гонорарсыз-ақ жұдырықтаса беретін едім. Еліме нағыз мейрам сыйлағым келген. Қаржыландыру көзі табылған бойда, мен аталған титулдарды жеңетін боламын!» – деді спортшы Инстаграм-парақшасында.