Сочидегі «Фишт» стадионында ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты аяқталды. 17 күнге созылған спорттық марафонды аяқтайтын салтанатты шарада көрермен назарына бірнеше қойылым ұсынылды.

Салтанатты шара 2,5 сағатқа созылды.
 
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына бір «қола» түсті. Бұл жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алды. Ал жабылу салтанатында Қазақстанның Туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты.