Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатындағы соққан голдардың саны бойынша «Реал Мадридтің» атақты сұрмергені Раульді артқа тастады.

Кеше «Реал Сосьедадтқа» қарсы өткен матчта ол тағы көзге түсіп годардың санын 229-ға жеткізді. Месси Испан Примерасы тарихындағы үздік бомбардирлердің үштігіне енді. Дегенмен, аргентиналықтың атына жазылған гол «Барселонаны» жеңілістен құтқармады. Каталондқытар 1:3 есебімен сан-себастьяндық клубтан жеңіліс тапты.Ал Примераның тарихындағы ең үздік бомбардир Тельмо Сарра. Оның еншісінде 251 гол. Екінші сатыда Уго Санчес – 234 гол.