Допинг пайдаланғаны үшін айыпталған қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин босатылған соң Мәскеуге ұшып кетті. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді."Алексей Полторанин 28 ақпан күні кешке Мюнхен арқылы Мәскеу бағытына ұшып кетті. Ол біздің дипломатпен сөйлесуден бас тартқан. Соған қарамастан, біздің консул оны ұстаған қалаға бірден шығып кетті", - деді Смадияров апталық брифингте.