Футболдан ЕУРО-2016 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі қарсаныңда «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Никитено «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Юрий Красножан жайлы пікірімен бөлісті.– Владимир Андреевич, Юрий Красножанның бас бапкер болып тағайындалуын қалай қабылдадыңыз?

– Кез келген қиын сәттерде қаймықпай, жақсы нәтиже көрсете білетін сауатты маман деп есептеймін оны. Қай команданы жаттықтырса да әдемі футбол көрсететін. Сондықтан жақсы нәтижеге жетеді деп ойлаймын. 

– Өзімен тілдесіп көрдіңіз бе?

– Онымен бұрында бір отырып әңгімелескенбіз, Ресейде-ау деймін. Мен ол кезде «Теректің» бапкері едім, ол – Нальчикте жұмыс істеді.