Канадалық шаңғышы Алекс Харви допинг қолданғаны белгілі болған қазақстандық Алексей Полторанин «ұры» деп айыптады. Бұл туралы Prosports.kz сайты жазды.

«Ол менің медалімді ұрлады. Біздің жүлделерді допинг қолданған шаңғышылардың ұрлағаны қайғылы жайт», - деп келтіреді Алекс Харвидің сөзін Expessen басылымы.

Естеріңізге сала кетейік, Австрияда өткен әлем чемпионатында жергілікті полиция допинг дауына байланысты 9 адамды тұтқындаған болатын. Оның ішінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин де бар. Кейін спортшы бар кінәсін мойындады.