Қазақстандық Жанбота Алдабергенова Красноярск қаласында өтіп жатқан Универсиадада шаңғы акробатикасынан үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда ол 79,38 ұпай жинады.

Бірінші орын Беларусь спортшысы Александра Рамановскаяға (100,29), күміс медаль ресейлік Любовь Никитинаға (91,29) бұйырды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Аяна Жолдас төртінші (68.38) орын алды.

Айта кету керек, ерлер арасындағы жарыста Ильдар Будрутдинов (50.76) алтыншы орыннан көрінді. Бұл жарыста Ресейлік Максим Буров жеңіске жетті (119.91).

Ертең Универсиадада шаңғы акробатикасында аралас командалық жарыстарда медальдар сарапқа салынады.