«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчты қорытындылады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

- Маусым алдындағы өткізген дайындыққа көңілім толды. Бірақ бүгін жолымыз болмады. Трансферлік уақыт аяқталғанша бірнеше позицияға жаңа ойыншыларды алуға тырысамыз.

Алаңда тек Швыревқа тағар айыбым жоқ. Өзгелері өз деңгейінде өнер көрсетпеді, - деді Алексей Шпилевский.

Айта кетейік, Алматының орталық стадионында өткен Қазақстан Суперкубогы үшін матчта «Астана» Кабананганың соққан екі голының арқасында «Қайратты» жеңді.