Қалың тұман және көру мүмкіндігінің нашарлауына байланысты «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінің екінші күнгі жарыстары өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әлем кубогының соңғы кезеңінің екінші күнінде спортшылар жарыс жолына шықпады.

Бүгін Қазақстан құрамасының сапынан Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Олег Цинн, Александр Геберт пен Сергей Романов өнер көрсетуі тиіс еді.