Жақында ғана софиялық «Левскиге» ауысқан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Болгария чемпионатында «Славияға» қарсы матчқа қатысуы ықтимал.

«Левскидің» ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, алдағы ойынға қатысу үшін 19 ойыншы тіркелген: Михайлов, Крстев, Нганиони, Д. Иванов, Яблонски, Мариани, Цветкович, Рейш, Тиам, Белмонт, Юруков, Райнов, Вашчук, Кабрал, Паулиньо, Костов, Буш, Ст. Иванов, Сейдахмет.

Болгария чемпионатының 24-турында «Славия» - «Левски» матчы 3 наурызда Астана уақытымен 21:30-да басталады.