«Қайрат» футзал клубының үш ойыншысы - Эдсон, Диего және Ранжел клубпен еңбек келісімшарттарының мерзімін ұзартты, деп хабарлады Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойыншылар алматылық команданың жейдесін 2018 жылдың жазында киген. Әрі клубпен бірге Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Эдсон, Диего, Ранжел үшеуі командамен бірге жаңа жетістіктерді бағындыру үшін жалғасты клуб сапында өнер көрсетпек.