12 сәуірде Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Staples Center аренасында бокс кеші өтеді, мұнда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com ақпараты бойынша, ол мексикалық Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасады. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Жәнібек осыған дейін кәсіпқой рингте 5 жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңіспен аяқтады. Оның екеуін нокаутпен тәмамдаған.

Лос-Анджелесте өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Кроллой кездеседі.

Қазақстандық уақытпен жекпе-жектер 13 сәуірде таңертеңгісін өтеді.