«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Никитенко «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне былтыр Алматыда қаскүнем күзетшіден зардап шеккен Эміл Кенжисариевтің ОЖЖ-да әріптестерімен бірге жаттығу жасағанын мәлім етті. 
 
– Владимир Андреевич, Еміл Кенжисариев жайлы естімей кеттік... Көңіл-күйі қалай? Психологиялық және физикалық тұрғыда жағдайы жақсы ма?
 
– Емілмен үнемі байланыстамыз. Ол командамен бірге оқу-жаттығу жиынында болды. Әріптестерімен көрісіп, жаттыға бастады. Мұндай жарақаттардан кейін бірден жазыла салу мүмкін емес, ақырындап бәрі өз қалпына келеді.
 
– Алаңға қайта шығуы мүмкін бе?
 
– Мен дәрігер емеспін, сондықтан нақты айта алмаймын. Бәрі ойыншының өзіне байланысты. Емілдің жаттығу жасай бастағыны көңілге медеу болды. Осылай жалғастыра берсе, міндетті түрде алаңға шығады деген ойдамын.