Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан Литва құрамасына қарасы өтетін жолдастық кездесуде алаңға шығатын ойыншыларды атады.

Естеріңізге сала кетсек, Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан Қазақстан құрамасы наурыздың 5-де Литвамен матч өткізеді.

Қақапашылар: Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер» Қарағанды), Владимир Логиновский («Астана»), Антон Цирин («Атырау»);Қорғаушылар: Елдос Ахметов («Астана»), Марк Гурман («Қайрат» Алматы), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Ренат Абдулин («Атырау»), Константин Энгель («Ингольштадт», Германия), Захар Коробов («Ертіс» Павлодар), Сергей Малый («Шахтер» Қарағанды);Жартылай қорғаушылар: Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл» Қостанай), Мақсат Байжанов («Шахтер» Қарағанды), Серікжан Мұжықов («Астана»), Азат Нургалиев («Ордабасы» Шымкент), Хайнрих Шмидтгаль («Фортуна» Германия), Валерий Коробкин («Ақтөбе»), Павел Шабалин («Ақтөбе»), Дмитрий Шомко («Астана»), Анатолий Богданов («Тобыл» Қостанай), Бауржан Джолчиев («Астана»);Шабуылшылар: Танат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко («Шахтер» Қарағанды), Алексей Щеткин («Атырау»).Жаттықтырушылар алқасына кіргендер: Юрий Красножан — бас бапкер, Виктор Кумыков — аға бапкер, Мұрат Ысқақов — бас бапкердің көмекшісі, Григорий Бабаян — бапкер, Виталий Кафанов — қақпашылардың жаттықтырушысы.