«Реалдың» бұрынғы президенті Рамон Кальдерон Криштиану Роналдудың клубтан не үшін кеткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кальдеронның мәлімдеуінше, Роналду клубтың қазіргі басшысы Флорентино Пересмен қарым-қатынасының нашар болған.

Салықтан көзі ашылмаған португалдық ойыншы Перестен жалақысын көбейтуді сұраған екен, алайда ол басшы бас тартқан.

Сонымен қатар, шабуылшыға «Реал» басшылығының Неймармен келіссөздер жүргізуі туралы сөздері ұнамаған екен.