Қазақстандық AVANGAR командасы LOOT BET Season 1 турнирі аясында екі ойын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) ойыны бойынша AVANGAR командасы Winstrike және pro100 ұжымдарымен күш сынасты. Алғашқы ойында AVANGAR ресейлік Winstrike командасынан 2:1 есебімен жеңіліс тапты. Ал екінші кездесуде украиналық pro100 ұжымын 2:0 есебімен жеңді.