1-3 наурыз аралығында Австрияның Зальцбург қаласында каретеден А сериясындағы Премьер-лига турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz порталына сілтеме жасап.

Жарысқа әлемнің 99 мемлекетінен 2057 спортшы қатысады деп күтілуде. Қазақстаннан жалпы есебі 32 спортшы бақ сынайды.

Премьер лига мен А сериясының аздаған айырмашылығы бар. Премьер лига турнирінде бір салмақ дәрежесінде 64 спортшыға дейін қатысуға мүмкіндік береді.

Ал А сериясында мұндай шектеу жоқ. Мәселен, 67 келіде ката бойынша 222 спортшы сынға түседі.