Бүгін «Ақтөбе» мен «Сибирь» клубтары өзара жолдастық кездесу өткізеді. Аталмыш матчты Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан тамашалмақ, деп хабарлайды «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісі.

Ұлттық құраманың бас бапкері Түркияда жаттығу жиындарын өткізіп жатқан Премьер-лига клубтарын бақылап жүр.

Естеріңізге сала кетсек, наурыздың 5-і күні Қазақстан Ұлттық құрамасы биылғы жылдағы алғашқы ойынын өткізеді. Жолдастық кездесу Литва құрамасына қарсы өтеді деп жоспарланған.